Алматы облысында карантин режимі күшейтілді
Жарияланған күні:
Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 19 маусымда "Алматы облысы аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы" қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Егер бұған дейін Талдықорғанда саябақтар мен бассейндердің жұмысы тоқтатылса, жаңа қаулыға сәйкес саябақтар мен жағалаулардың жұмысы тоқтатылатын болады.
Сондай-ақ, өңірде ХҚКО онлайн жұмыс режиміне ауысады. Онлайн форматта қызмет көрсету мүмкін емес болған жағдайда, адамдар қабылдауға алдын ала жазылу арқылы электрондық кезекпен өздеріне қажетті мәліметті ала алады. ХҚКО жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 16: 00-ге дейін.
Базалар мен демалыс аймақтары, лагерьлер, санаториялық-курорттық нысандардың аумағына кіре берісте дезинфекциялық тоннелдер қою қажет. Сондай-ақ, демалушыларға жағажайларға баруды қоспағанда, демалыс нысанының аумағынан шығуға тыйым салынады.
Қаулыға сәйкес облыста ҰБТ кейінге шегерілмейді.
Сонымен қатартұрғындарының саны 50 мың адамнан асатын облыстың елді мекендерінде қоғамдық орындардың, яғни, саябақтар, алаңдар, жағалаулар, аквапарктердің жұмысы тоқтатылады, сондай-ақ, 65 жастан асқан азаматтардың қозғалысына шектеу қойылады.
Айта кету керек, 65 жастан асқан азаматтарды қоспағанда, Алматы облысының тұрғындарына облыс аумағында және одан тыс жерлерде еркін жүруге (қозғалысқа) рұқсат етіледі.
"65 жастан асқан азаматтардың қозғалысы елді мекендерде, облыс аудандары мен қалалары арасында, сондай-ақ облыстан тыс жерлерде, қажетті тауарлар, дәрі-дәрмектер және зейнетақы төлемдері үшін елді мекендер ішіндегі қозғалысты қоспағанда, шектеледі", - делінген қаулыда.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ересектердің бақылауынсыз өздігінен жүріп-тұруына рұқсат етілмейді.
Қаулыға сәйкес, облыстағы инфекциялық және провизорлық стационарларды қосымша төсек орындарды қамтамасыз ету тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде 20-21 маусым күндері жаңа шектеулер енгізілетінін хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861229-almaty-oblysynda-karantin-rezimi-ksejtildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.