RU

Түркістан облысында заңсыз балық аулап жүргендердің жолы кесілді

Түркістан облыстық орман шаруашылығыжәне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Н.Есенов, А.Брадучан және Ұ.Жолдасбеков Түркістан облысы ІІД-нің Арыс аудандық табиғат қорғау ПТ инспекторларымен бірге 18 маусым күні Арыс ауданы "Көксарай" суқоймасында заңсыз балық аулаудың алдын алуға бағытталған іс-шара жүргізді.

Фото: "Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ
Фото: "Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ: Depositphotos

Іс-шара барысында Көксарай суқоймасында белгісіз 12 азаматтан құралған топ, өздерінің 6 дана моторлы және ескекті резеңке қайықтарымен моноталшықты тыйым салынған ауторларын пайдаланып заңсыз балық аулап жүргенде ұстаған.

Құқық бұзушылар өздерінің заңсыз әрекетін мойындаған. Айғақты заттар ретінде 6 дана қайық, аулау құралдары және 803,5 келі сазан және мөңке балықтары уақытша тәркіленіп алынған.

Жоғарыда аталған мән-жайлар бойынша, құқық бұзушылар Арыс ауданы ІІБ-не жеткізіліп, жеке бастары анықталған,

Аталмыш жай бойынша Қылмыстық кодекстің 335 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, 7 құқық бұзушы заңды шешім қабылданғанға дейін уақытша қамауға алынған.

Құқық бұзушылар заңсыз әрекетімен табиғатқа 2 484 726 теңге зала келтірген.

Осы орайда Түркістан облыстық орман шаруашылығыжәне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы барлық азаматтарды заңсыз аң, балық аулау фактілерімен бірлесіп күресуге шақырып отыр.

Сонымен қатар мекеме браконьерлік, орман өрттері жайлы дәйекті ақпараттар болған жағдайда фото, бейне-жазбаларды хабарлау үшін инспекцияда сенім ұялы телефоны нөмірі +7 702-783-83-57 (Watsapp мобильді қосымшасына қосылған) жұмыс істейтінін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861310-trkistan-oblysynda-zasyz-balyk-aulap-zrgenderdi-zoly-kesildi/