Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұқтырып алған болуы мүмкін": Дина Төлепберген ұлы үшін қатты алаңдауда

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепбергеннің ұлы коронавирус жұқтырып алған болып шығуы мүмкін. Бүлдіршінмен бір балабақшаға баратын әрі онымен бір топта болған қыздан COVID-19 вирусы табылғаны анықталды. Бұл жаңалық белгілі журналистті күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырды. Жалғыз баласының денсаулығына алаңдаған ана сары уайымға салынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dina_tolepbergen. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dina_tolepbergen. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дина Төлепберген баласының балабақшасындағы коронавирус оқиғасына қатысты жағдайды Instagram парақшасында баяндады.

"Менің баламда короновирус? Кешкісін ұлымды балабақшадан әкетуге барсам, «Ботақан» тобының карантинге жабылғанын естідім. Тәрбиешісінің айтуынша, оның тобындағы бір қыздан COVID-19 табылыпты. Кішкентайдың ауруы симптомсыз болғандықтан, ата-анасы білмеген. ⠀ Енді менің ұлым вирус жұқтырып алған болуы мүмкін. Қайттік? Баламның түріне қарасам, бәрі жақсы сияқты. Менің түріме қарасаңыз, бәрі басқаша. Қайда барам? Не істеймін? Алдымен, емханадағы дәрігерімізге хабарластым. Ол «жөтеліп тұр ма, қызуы бар ма?» деп сұрады. Ондай белгілер жоқ еді. Белгілер болмаса, тестен өткізуге жолдама бермейді екен олар. Мейлі" , - деп жазды ол.

Тележүргізуші бірден ұлын ПТР тест тапсыруға алып барған. Оның айтуынша, әр орталық коронавирусқа тексеру үшін түрлі баға орнатқан. Ақпарат өкілі бүгінде баласының тест нәтижесін күтуде.

"Ақылы тестті қайда тапсыруға болады? Ұлттық сараптама орталығында ПТР тапсыру - 11.500 теңге. Күндіз-түні жұмыс істейтін жалғыз осылар. Бірақ қаладан жолдама арқылы келетін барлық жанды тексеретіндіктен, қазір ақылы бөлім уақытша қызметін тоқтатқан.
Көлікте отырсаңыз, шықпай анализ тапсыруға болатын жер – «Medical Partners Korea Clinic» ЖШС, "Нурлы тау" бизнес орталығының алаңында, Әл-Фараби даңғылының төменгі жағында. Тест құны – 15 500 тенге. «Олимп» зертхана желісіндегі баға – 15 940 тенге. "Invivo" зертханасында – 18 500 тенге. «Медикер»-де - 19 000 тенге. Иә, тест тапсырар алдын 2-3 сағат тамақ жемеген жөн дейді дәрігерлер. Ұлымның мұрны мен аузынан сынама алынды. Оқшауланып, нәтижесін күтіп отырмыз енді" , деді журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861352-zktyryp-algan-boluy-mmkin-dina-tlepbergen-ly-sin-katty-aladauda/

pixel