Елордалық ауруханалар карантин кезінде қалай жұмыс істейді (видео)
Жарияланған күні:
Елордалық көп салалы аурухананың бас дәрігері медициналық мекеменің жұмысын бейнежазбаға түсіріп көрсетті. Ол жерге коронавирус белгілері бар науқастар келіп түсуде деп жазады KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелерінде қатаң санитарлық талаптар сақталуда. Бүгін №1 қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Абдуов провизорлық стационарға видеоэкскурсия жасап, аталған медициналық ұйымда науқастарды қалай қабылдайтынын көрсетті.
"Бүгін, 20 маусымда, мен шұғыл қабылдау бөлімінде тұрмын. №2 пост немесе коронавирус инфекциясының белгілері бар науқастар түсетін провизорлық бекет. Бұл бекет инфекцияның таралуына жол бермеудің алдын алу үшін құрылды" , - деді Абдуов.
Бас дәрігер әрі қарай тіркеу бөліміне барды.
"Мына жерде тіркеу және науқастарды медициналық сұрыптау жүргізіледі, яғни оның ауырлық жағдайы, егер науқас «ауыр жағдайда» және оған шұғыл медициналық көмек керек болса, жансақтау бөлімі жіберіледі немесе көмек қарқынды терапия бөлімінде көрсетіледі" , - деп жалғастырды ол.
Келесі болып оқшаулау ғимаратын көрсетті.
"Мұнда коронавирус инфекциясына ПТР-тест жасау үшін мұрыннан жағынды алынып, барлық талдаулар электронды базаға енгізіледі. Сосын науқас оқшаулау бөліміне жатқызылады. Біздегі палаталар 3-4 орынға есептелген" , - деді №1 қалалық аурухананың бас дәрігері.
Эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қаланың ауруханаларында науқастардың саны көбейді.
"Дәрігерлер барлық науқастарға қажетті медициналық көмекті толық көлемде көрсетіп жатыр" , - деді ауруханада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861355-elordalyk-auruhanalar-karantin-kezinde-kalaj-zmys-istejdi-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.