Бас дәрігер Ақтөбе ауруханасында түсірілген жанжалды видеоға қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Ауруханада түсірілген видео әлеуметтік желіде тез тарап үлгерді, онда Ақтөбедегі теміржол ауруханасының дәрігері пациенттерді қабылдаудан бас тартып жатқанын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Диапазон сайтына сілтеме жасап.
Instagram-да @ztb_kz парақшасында ауруханада түсірілген видео пайда болды. Кадрларда алдымен жедел жәрдем көліктері көрсетіледі, олардың мемлекеттік нөмірі "04" аймағынан, яғни Ақтөбе облысы екені белгілі болды. Әрі қарай автор жедел жәрдем бөлмесіне кіріп, отырған адамдарды көрсетеді. Діріл қаққан әйел дауысы қорғаныс костюмдерін киген дәрігерлерден аурухана пациенттерді қабылдай ма, жоқ па деп сұрайды. Ақ халаттылар жауап ретінде бастарын шайқайды.
"Бізде емделушілерді сағат 17.00-ге дейін қабылдау туралы бұйрық болды. Сағат 17.00-ден кейін науқастарды теміржол ауруханасына жатқызу керек болды. 17.00-ге дейін пациенттерді қабылдаған біздің дәрігерлер жаңадан қабылданған науқастармен жұмыс жасау үшін жоғарыға көтерілді. Бірақ теміржол ауруханасы пациенттерді қабылдамады. Оларда кадр мәселесі бар. Осы жағдайға байланысты олар біздің пациенттерімізді ауруханада қабылдауға бұйрық берді. Мен өзім де кешке осында болдым.
Біз бәрін қабылдадық, көмектестік. АМО аурухана ретінде толық жұмыс істейді, пневмониямен ауыратын науқастарды қабылдайды. Кеше (19 маусым) және бүгін 210 науқас қабылданды. Біз жедел медициналық көмек бөлімдерін Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына және медициналық орталыққа өткіземіз, амбулаторияда емделіп жатқан пациенттерді жазып аламыз. Емханаларда күндізгі стационарлар ашылды.
Бізден денсаулығы жақсарып шыққан пациенттер емханаларда емделеді, күндізгі стационарлар таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Біз тәулік бойы жұмыс жасаймыз. Біз қазірдің өзінде 2-3 бөлімді толтырдық, 210 адам жатыр. Ауру ешкімді аямайды", – деді AMО бас дәрігері Рүстем Исаев.
Еске салсақ, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ақ халаттыларды құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861412-bas-driger-aktbe-auruhanasynda-tsirilgen-zanzaldy-videoga-katysty-pikir-bildirdi/