Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолдан жасалған": Балғынбек Имаш коронавирусқа сенбейтіндерге жауап берді

Опубликовано:

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имаш коронавирус инфекциясының бар екеніне сенбей жүрген жұртшылыққа жазба арнады. Ол күллі елді дүрліктіріп отырған індетті "өтірік ойын" деп айту қате екенін айтып, шын мәнінде вирустың қолдан жасалғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/balgynbek_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/balgynbek_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Балғынбек Имаштың ойынша, аталмыш вирус Алланың қалауынсыз жұқпайды. Ал ауырған адамдардың күнәсі міндетті түрде кешіріледі екен.

Белгілі ақын COVID-19 инфекциясына қатысты бар ойын Instagram парақшасында ақтарды.

"Кей адамдар әлі де коронавирус деген ауру жоқ деп есептейді екен. Біреулер шын дейді, біреулер "өтірік" ойын дейді. Ойын болғанның өзінде ел сенетіндей, адамдарға шынайы қауіп төнетіндей белгілер болмаса, бұндай "ойынды" әлемге ықпалды қандай адамдар ұйымдастырса да "ойындары осылады" ғой.

Вирус бар, коронавирус деген бұрыннан белгілі вирустың түрі. Ал, атың өшкір бұл аурудың "ковид-19" деген түрі расында табиғи вирус емес, қолдан жасалған. Қолдан жасалды деген сөз, мүлде жоқ деген сөз емес қой. Елбасымыздан бастап қаншама халқымыздан бұл ауру анықталды. Алла шипасын берсін!

Кім ойлап тапса да, ешқандай ауру Алланың қалауынсыз жұқпайды. Ал ауырған адамның міндетті түрде күнәсі кешіріледі. Ауру, сынақ, қиындық - бәрі Алланың Мейірімі. Бұл дүниеде ауырмаған Алланың дұшпаны - Перғауын ғана. Өмірінде бір тісі қақсап, бір тал шашы түспеген екен. Себебі, Алла оның күнәсін кешіруді қаламаған.

Алла кімге ауру жіберсе, күнәсін кешіріп, дәрежесін өсірсін, һәм шипасын берсін! Бекболат ағамыз да осы дертке шалдығып, Алланың жәрдемімен сауығып келеді. Жұма күні барша отандастарымыз үшін дұға жасап қоялық" , - деп жазды Балғынбек Имаш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861509-koldan-zasalgan-balgynbek-imas-koronaviruska-senbejtinderge-zauap-berdi/

pixel