Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқашан жоспар құрмаймыз": Полицей мен журналист жанұялары жайлы айтты

Жарияланған күні:

Бүгін Қазақстанда полиция қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Осы шараның құрметіне жас офицер Ердәулет Өскенбай мен оның өмірлік серігі олардың қалай кездескені және жас отбасы неге демалыс күндеріне жоспар құрмағайтындары туралы айтып беруді жөн көрді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

оооооооооо
Жансая мен Ердәулет. Фото: polisia.kz: UGC

Полицейдің жас әйелі Жансая Қайыпова "Qyzyljar" телеарнасында журналист болып жұмыс істейді.

Оның мамандығы ерінің қызметін түсінуді үйреткен. Өйткені, тәртіп сақшыларының нақты кестесі болмайды, қоңыраулар күні-түні келеді.

СҚО ПД-нің криминалдық полиция бөлімінің жауапты қызметкері демалыс немесе мереке күндері босаңсуға болмайтынын алға тартты, әйелі де оны барлық бастамада қолдайтын көрінеді.

"Қылмыскерде демалыс болмайды, мен оларға жұмыс күніне дейін немесе таңға дейін күте тұруын сұрап не ескерте алмаймын.
Мереке мен демалыстарға ешқандай жоспар құрмауын сұраған кезде бұл туралы Жансаяға үнемі айтып отырамын",– деп күледі Ердәулет Өскенбай.

Ерлі-зайыптылар әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас дамыту мүмкіндігіне сенбейтініне қарамастан, өздері де желіде танысқан.

19 жастағы қыз жігіттің ұсынған "достығын" қабылдап, таныстық басталып кетіпті.

Ол кезде Жансая Ақмола облысының Щучинск қаласында тұрған. Олардың қарым-қатынасы романтикалық сезімдерге айнала бастаған көрінеді.

Жастардың шаңырақ көтергеніне биыл екі жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде күйеуінің кәсіби қызметіне байланысты көптеген қызықты сәт орын алыпты.

Бірде ол сүйіктісін полицияның жанында 3 сағат күткен. Оқиға былай болған, кешкісін олар жұмыстармен көшеге шыққан, бірақ әп сәтте күйеуіне телефон шалып, оны шұғыл жұмысқа шақырады.

Сөйтсе, ауыр қылмыс орын алған, сондықтан іздеуде көмек қажет болыпты.

Келіншек осы уақыт бойы көлікте күтіп отыруға мәжбүр болған екен.

Әйелі қылмыскерді ұстау кезінде ерікті куәгер болған кездерін де есіне алды.

Оқиға былай болған, Ердәулет жұбайымен қоса көлікпен келе жатыпты, кенет іздестірілген ұры-рецидивистің сипаттамасына ұқсас адамды байқаған кезде орын алған. Полицей дереу тоқтап, күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізеді.

Жансая жолаушылар орнында отырып, қатты қорыққан әрі күйеуінің жұмысының қаншалықты қауіпті екенін түсініпті.

Еске сала кетсек, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861733-eskasan-zospar-krmajmyz-policej-men-zurnalist-zanalary-zajly-ajtty/