Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 жыл түрмеде жазықсыз отырған бауырлар 49 жасында бостандыққа шықты (фото)

Жарияланған күні:

АҚШ-тың Мэриленд штатында 1995 жылы куәгерлердің жалған сөзінен кейін 21 жастағы жігіттің өліміне кінәлі деп танылып, сотталып кеткен ағайындылар бостандыққа шықты. Эрик Симмонс пен Кеннет МакФерсон 20 жылдан астам уақыт түрмеде жазықсыз отырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

24 жыл түрмеде жазықсыз отырған бауырлар 3,8 млн доллар өтемақы алды
Фото: Facebook / Mid-Atlantic Innocence Project: UGC

Бауырлар кісі өліміне қатысы жоқ екенін барынша дәлелдемек болған. Қылмыс болған күні Эрик үйде ұйықтап жатқан, ал Кеннет сауық кешінде көңіл көтеріп жүрген. Алайда оларды көрген куәгерлер сотта жалған сөйлеп, жігіттің өліміне Эрик пен Кенненттің кәнілі екенін айтқан.

Тарихы күмәнді болып көрінетін сотталушылардың істерімен айналысатын Project Innocence тәуелсіз ұйымы шындықтың бетін тек араға жиырма жыл салып ашты.

24 жыл түрмеде жазықсыз отырған бауырлар 3,8 млн доллар өтемақы алды
Фото: Twitter / Exoneration Registry: UGC

Белгілі болғандай, полиция қылмысты өз көзімен көрген бір куәгерге ақша төлеген. Ал тағы бір 13 жастағы куәгер өзі қыспаққа алынғандықтан жалған сөйлеуге мәжбүр болған.

Ұйым осы өрескел мәселеге биліктің назарын аударып, 24 жыл түрмеде отырған Эрик пен Кеннетті түрмеден босатқан. Қазір ер адамдар 49 жаста, олар өмірінің жартысын темір тордың ар жағында өткізген.

24 жыл түрмеде жазықсыз отырған бауырлар 3,8 млн доллар өтемақы алды
Фото: Twitter / Barry Simms: UGC

Қала билігі бауырларға 3,8 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеген. Эрик пен Кеннет мұндай қаржыға риза болғанымен, өкінішке қарай, ақша олардың өмірін кері қайтара алмайтынын айтады.

"Менің анам 2009 жылы қайтыс болды. Мен ол уақытты кері қайтара алмаймын. Бұл ақша түрмедегі күзетшілердің соққысына жығылған сәттерімді, азапты күндерімді ұмыттыра алмайды", - дейді Эрик.

Айта кетейік, бұған дейін марқұм адамның киімін сатудың ерекше жолын тапқан әйелдің танымал болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861760-24-zyl-trmede-zazyksyz-otyrgan-bauyrlar-38-mln-dollar-temaky-aldy/