Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда әкімі полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құрметті полиция органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары!
Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook
"Құрметті полиция органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
"Бізге жаңа формацияның полицейлері қажет. Кадрларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесі қайта қарастырылатын болады",- деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, қазір полицейлердің әлеуетін көтеруге ерекше маңыз берілуде.
Қазақстан полициясы - еліміздің қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғайтын, тәртіптілікті қамтамасыз етіп, қылмыстың жолын кесетін мемлекеттік жүйе.
Полиция қызметкері болу оңай емес, бұл - маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Ол үшін байыпты білім мен айбарлы жүрек, сабыр мен төзім, қажырлы күш-қайрат қажет",- деді ол.

Әбдіқалықова халық сенімі – полиция қызметіне берілетін басты баға екенін, полицейлер кәсібі аса қиын және қауіпті екенін айта кетті. Сондай-ақ, облыс әкімі ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларының есімі көпке үлгі боларын да жеткізді.

"Бүгінгі күні небәрі 25 жасында жәбірленушіні құтқарамын деп ерлікпен қаза тапқан учаскелік полиция инс­­пек­торы, полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевтың, биылғы төтенше жағдай кезінде 4 баланы өрттен құтқарған жедел уәкілдер, полиция капитаны Әлімжан Әлімбетов пен полиция аға лейтенанты Бейбарыс Қалымбетовтердің бейбіт күнгі ерліктері көпке үлгі болып қалды.
Сіздер күнделікті қызметтеріңізде өз өмірлеріңізді қатерге тігіп, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та сіздерге ерекше ықылас танытып, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
Мемлекет полиция қызметін заманауи, оның ішінде цифрлық технологиялар негізінде материалдық-техникалық базасын жақсартуда",- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Өңір басшысы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне коронавирус пандемиясы кезіндегі ерен еңбегі үшін алғыс білдіруді ұмытқан жоқ.

"COVID-19" індетімен күрес кезінде де қызметтеріңізге адалдық танытып, сын-сағаттарда өздеріңізге төнген қауіп-қатерді елемей, уақытпен санаспай атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін Сыр елі халқы атынан зор ризашылығымды білдіремін.
Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа лайықты абыройлы еңбек ете беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, елімізге тыныштық тілеймін! Жақындарымызға жанашыр болайық! Біз біргеміз!",-деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861761-kyzylorda-kimi-policejlerdi-ksibi-merekesimen-kttyktady/

pixel