jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Жағдай қиындаса, HalykArena және Алматы Arena кешендерінде инфекциялық стационар ашылуы мүмкін

: UGC

Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылады. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг кезінде қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жағдай қиындаса, HalykArena және Алматы Arena сарайларында инфекциялық стационар ашылады
Фото: olympic.kz: UGC
"Стационарларға келіп жатқандар саны артып келеді. Төсек-орындарының тапшылығы байқалып жатыр. Бүгінде провизорлық төсек-орындар 90 пайызға жүктелген, инфекциялық төсек-орындар 95 пайызға жүктелген. Егер эпидемиологиялық ахуал қиындай түссе, HalykArena базасында 500 орын ашуды қарастырудамыз. Сондай-ақ, біз 150 төсек-орынға арналған "Теміржол ауруханасы" АҚ госпиталі базасында жұқпалы аурулар стационарын ашатын боламыз.
Осылайша, жұқпалы ауруларға арналған 1940 төсек-орынға қосымша тағы 650 орын ашылатын болады. Жағдай одан әрі ушыққан жағдайда, "HalykArena" базасындағы төсек-орындар санын 300 төсек-орынға көбейту мүмкіндігі бар.
Сол сияқты "AlmatyArena" базасында да стационар ашуға болады. Осының барлығы есептегенде, 3700-ге дейін жұқпалы аурулар орнын, провизорлық төсек-орындарын 1000-ға дейін ашуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біз жатақханалар базасында провизорлық және жұқпалы аурулар төсек-орындарын ашу мәселесін қарастыратын боламыз", – деді қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Қамалжан Надыров инфекциялық стационар салуға неліктен спорт нысандары таңдалғанын айтты.

"Біз қаладағы барлық бос орындардың инспекциясын жүргіздік. Инфекциялық стационар болу үшін бірқатар талаптары бар. Бұл ғимараттарды дезинфекциялық өңдеуге болады. Сондай-ақ, желдету жүйесі жақсы", – деп түсіндірді ол.

Қазір уақытта дәрігерлер мен мейірбикелер бригадасы құрылып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда демалыс күндері неге карантин шаралары күшейтілгенін түсіндіріп берген еді.

Жағдай қиындаса, HalykArena және Алматы Arena кешендерінде инфекциялық стационар ашылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.