RU

Тоқаев, Путин және өзге басшылар неліктен Жеңіс шеруінде маска таққан жоқ

24 маусымда Ресей астанасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шеру болып өтті. Оған бірнеше мемлекеттің басшылары қатысты. Көрермендердің көбісі президенттердің қорғаныс маскасын кимегеніне алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Берік Уәли
Фото: Facebook/Берік Уәли: Depositphotos

Мәскеуде өткен салтанатты шараға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және өзге де посткеңестік мемлекеттердің басшылары қатысты. Алайда, Ресей астанасына арнайы ұшып келген Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жанындағы екі ресми өкілінен коронавирус анықталуына байланысты Қызыл алаңда бой көрсеткен жоқ.

Салтанатты шеруді онлайн-форматта тамашалаған көрермендердің көбісі ешбір президенттің қорғаныс маскасын тақпағанына алаңдаушылық білдірді.

Қазақстандықтарды да мемлекет басшысының денсаулығына қауіп төнбей ме деген сұрақ мазалауда.

Бұл мәселені Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли түсіндіріп өтті деп жазды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, ардагерлер мен мемлекет басшыларына арналған трибунаға тек КВИ-ға тест тапсырып, теріс нәтиже алғандар ғана өткізілген. Іс-шараның алдында трибуна мұқият дезинфекцияланды.

Сондай-ақ Берік Уәли президенттің тұрақты түрде коронавирусқа тексеріліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев өзге президенттермен бірге "Белгісіз солдат" қабіріне гүл қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861996-tokaev-putin-zne-zge-bassylar-nelikten-zeis-seruinde-maska-takkan-zok/