Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТМД елдерінің спорттық ойындар жарысы қашан өтеді

Опубликовано:

23 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынайтын ТМД елдерінің спорттық ойындар жарысы 4-11 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

тмдыы
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

23 жасқа дейінгі спортшылар барлығы 21 спорт түрі бойынша өзара сайысқа түсетін болады.

Ұйымдастырушылар жарысты қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде өткізуді жоспарлап отыр.  

"Қазіргі таңда жарыстың өтетін күнін нақтылау үшін Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

ТМД елдерінің спорттық ойындарына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина құрамалары қатысады деп күтілуде.

  • Ал спортшылар армрестлинг, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, белбеу және кураш, су добы, жағажай волейболы, еркін және грек-рим күресі, гір тасын көтеру, дзюдо, каратэ, мас-рестлинг, үстел теннисі, жүзу, самбо, тай бокс, би спорты, семсерлесу, футзал, көркем гимнастика және шахмат бойынша бақ сынайтын болады.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты жағдай тұрақсыз болса, спорттық шараны өткізу мерзімі де өзгеруі мүмкін екнеін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862526-tmd-elderini-sporttyk-ojyndar-zarysy-kasan-tedi/

pixel