Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды ​облысында ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды

Опубликовано:

Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Қарағанды облысының екі қаласында заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Қарағанды ​облысында ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Министрліктің мәліметінше, төрт адам ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған. Олар Сәтпаев және Жезқазған аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырыпты. Екі жылдан астам жұмыс істеген. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 160-тан астам техника мен ойын жабдықтарын тәркіледі.

Алдын ала болжам бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың кірісі 16 миллион теңгеден асқан. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының аумағында ақша қаражатын жымқырумен айналысып, мемлекетке 525 миллион теңге көлемінде залал келтірген тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ туралы хабарланған болатын.

Бұл "топ" жалған есепшоттар шығарумен айналысқан. Сонымен қатар, ешқандай жұмыс орындалмаған, қызмет көрсетілмеген. Ол екі жыл жүмыс істеп келген.

Оған қоса, Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленген болатын. Топ мүшелері заңсыз әрекеттермен бірнеше жыл бойы айналысып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862587-karagandy-oblysynda-jymdaskan-kylmystyk-top-skere-boldy/

pixel