Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды
Жарияланған күні:
Астанада коронавирус бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін "жедел желі" іске қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты http://covid19.astana.kz/kz, парақшасын іске қосты. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады.
Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы соңғы жаңалықтарды таба аласыз.
Сонымен қатар парақшада COVID-19 бар-жоғына тестілеуден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекенжайлары, оқшаулау режимінде өзін-өзі қалай ұстау керегі, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат бар.
Коронавирус бойынша "жедел желі" (тәулік бойы) – +7 (7172) 76-80-43; 1406; 109.
Жедел жәрдем – 103.
Ерікті болу – +7 701 356-22-96;
психологиялық қолдау қызметі – +7 (7172) 20-10-90, +7 771 996-09-27, +7 702 172-61-39;
қан плазмасына донор болу – +7 771 377-91-10 (тіркеу), +7 702 091-18-60 (тіркеу), +7 (7172) 54-32-38 (сенім телефоны).
Егер сіз жұмыссыз қалсаңыз +7 (7172) 57-88-88 – қоңырау шалыңыз – қажетті қызметтің нөмірін таңдаңыз – маманға хабарласыңыз.
29 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар 3 788-ге жеткен. Жазылып шыққандар - 2721, ал өлім жағдайы – 61.
Еске сала кетсек, ел бойынша өткен тәулікте тағы 547 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 21327-ге жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862610-nr-sltanda-koronaviruska-bajlanysty-zedel-zeli-iske-kosyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.