Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Науқастарды мешітке жатқызайық деп ұсыныс айтқан белгілі заңгер жұртқа жақпай қалды

Жарияланған күні:

Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белсенді Айгүл Орынбек коронавирус індетінің өршуіне байланысты науқастарды мешітке жатқызу туралы ұсынысын айтқан. Алайда оның жазбасына көпшілік қарсылығын білдірді. Дегенмен белгілі заңгерді қолдағандар да табылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Айгүл Орынбек/Facebook және muftyat.kz
Фото: Айгүл Орынбек/Facebook және muftyat.kz: Instagram
"Мектепке емес мешіттерге жатқызайық науқастарды! Мешіт - Алланың үйі! Елге жұт келгенде Алланың үйін қорған, пана қылу керек! Халықтың көбісі мектептерге қабылдауға қарсы болып жатыр, балалар болашағы үшін! Бірақ вирустың таралып жатқан жылдамдығы өте тез!

Ауруханаларды 200 орындық қылып саламыз, ал мешіттерге келгенде он мың орынға дейін саламыз! Ал енді осыларды халықтың пайдасы үшін тиімді пайдаланайық.

Шымкент қаласындағы он мың орындық үлкен мешіттің өзі қаншама адам өмірін сақтап қалады! Сарағаштағы Сманов қарайтын 9000 орындық мешітті де солай жасаумыз керек! Елдің басына күн туғанда Алланың үйі халыққа қорған болсын!", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Бұны оқыған желі қолданушыларының пікірі екі бөлінді. Бірі заңгердің ұсынысын қолдамайтындарын жеткізсе, енді бірі өз қолдауларын білдірді.

"Айналайын Айгүлжан, неге мешітке қадалып қалдың? Мешіт Алланың үйі екенін ұмытпағаның абзал", "Науқастарды мешітке жатқызуға мен де қарсымын. Алланың үйінен басқа бос ғимараттар толып тұр", "Көкейдегі сөз. Қосыламын", "Менің ойымдағыны айттыңыз", "Айгүл тамаша ұсыныс", - деп жазды пікір білдірушілер.

Еске сала кетсек, осыған дейін Айгүл Орынбек байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Шымкент қаласы әкімінің қолынан алған алғыс хатын қоқыс жәшігіне лақтырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862732-naukastardy-mesitke-zatkyzajyk-degen-synys-ajtkan-belgili-zager-zrtka-zakpaj-kaldy/