Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйде демала алмай жатыр, ешкім алып кетпеді": Пневмонияға шалдыққан әйелдің қызы өз жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Желіде Талдықорған қаласының тұрғыны жариялаған жазба пайда болды. Бойжеткеннің сөзінше, анасының үйде ауырып жатқанына осымен осымен жетінші күн болған. Алайда, облыс орталығының бірде-бір ауруханасы оны қабылдамай жатыр. Бұл оқиғаға қатысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Пневмонияға шалдыққан әйелдің қызы анасы жоғары артериалды қан қысымы бар адамдар есебінде тұрғанын айтты. Сырқаттанып қалған келіншек 52 жаста.

"Менің анам үйде осымен жетінші күн демала алмай жатыр. Талдықорғанның барлық ауруханалырн аралап шықтық. Көпсалалы және облыстық ауруханалар қабылдағысы келмейді. Үй жағдайында емдеу үшін ем тәртібін жазып беруін сұрадық. Алайда, олар оны да жасамай қойды.
Үштөбе, Текеліде еш жерде екі жақты пневмониямен қабылдамай жатыр. Олар ауруханаға "COVID-19" диагнозын алып келуді айтты. Анама көмектесе алмай жатқанымнан жүрегім қан жылайды. "Жедел жәрдем" келмей жатыр. Пневмонияға шалдыққан адамдар өте көп. Олар сонда не істеуі керек? Үйлерінде өлу керек пе?" , - деп жазды ару.

Алматы облысындағы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты мәселе шешілгенін хабарлады. Бөлімше дәрігері науқасты қарап, оны облыстық ауруханаға жіберді.

NUR.KZ тілшісі науқас әйелдің қызымен хабарласып, ақпаратты анықтап білді.

"Менің желіде жариялаған жазбамнан кейін бөлімше дәрігері анамды қарап кетіп, облыстық ауруханаға жолдама берді. Мен анама хабарласып тұрдым. Оның сөзінше, бастапқыда оған емханада орын жоқ екенін айтқан. Алайда, кейін ақыр-соңы ауруханаға жатқызған" , - деді ол.

Журналист: Әлия Әбсеметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862865-jde-demala-almaj-zatyr-eskim-alyp-ketpedi-pnevmoniaga-saldykkan-jeldi-kyzy-z-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel