Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде аурухананың алдында жатқан әйелдің видеосы пайда болды

Опубликовано:

Семей қаласында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан әйел адамның аурухананың алдында жатқанын көруге болады. Посттың жазбасында оған көмек көрсетілмегені айтылған. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі аталған виедоға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Кадр: instagram.com / semey_zhaloby2 видеосынан
Кадр: instagram.com / semey_zhaloby2 видеосынан: Depositphotos

Басында бұл бейнеролик Instagram желісіндегі semey_zhaloby2 қоғамдық парақшасында пайда болған. Кадрлардан медициналық мекемеге кіреберіс жерде әйел адамның жатқаны көрінеді. Видеоның жазбасында оны стационарға қабылдамағаны, тіпті, дәрігерлердің көмек көрсету үшін сыртқа шықпағаны айтылған. Автордың сөзіне қарағанда, ақ халаттылар әйел адамға көмектесе алмайтындарын алға тартқан.

Кейіннен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Instagram парақшасында аталған оқиғаға қатысты ақпарат пайда болып, бейнебақылау камераларының жазбалары жарияланды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2020 жылғы 3 шілдеде сағат 15.30 шамасында болған. Әйел адам Семей қаласының №2 қалалық ауруханасына жүгінген.

"Азаматша өз қалауы бойынша қабылдау бөліміне келіп, коронавирусқа ПТР әдісімен талдау жасауды талап етеді. Осы уақытта қабылдау бөліміне сатурациясы төмен екі науқас түскендіктен, әйел адамға күте тұру қажеттілігі айтылған. Ал неге ол далада күтіп отыр? Бұл жер провизорлық госпиталь болғандықтан, расталған КВИ жоқ адамның вирусты жұқтыру қаупі жоғары.
20 минут күткеннен кейін өзі үйіне кетіп қалады. Анасының ауыр жағдайы туралы телефон арқылы хабарлаған қызының шағымынан кейін оның үйіне жедел жәрдем бригадасы жіберілді", – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Облыс әкімдігінің ақпарынша, үйде тексеру нәтижесінде әйел адамның АҚ, пульс, дене қызуы мен сатурациясы қалыпты жағдайда екені анықталды. Шұғыл емдеуге жатқызу қажеттілігі, сондай-ақ пневмония немесе коронавирустық инфекция белгілері болмаған.

Оған жедел немесе шұғыл емдеуді қажет етпейтін созылмалы холециститтің асқынуы диагнозы қойылған.

Бүгінгі күні пациенттің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Науқастың қызы арқылы телефонмен байланысып отыр.

Айта кету керек, стационарға барған кезде әйел жалғыз емес, жанында бірге келіп, бірге кеткен ер адам болған. Бұл сыртқы бейнебақылау камерасының жазбаларымен расталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863615-semejde-auruhanany-aldynda-zatkan-jeldi-videosy-pajda-boldy/

pixel