jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Ненің құрметіне?!": Димаш Құдайберген елордадағы отшашуға шүйлікті

: Original

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Астана күніне арналған отшашуды сынға алды. Өнер иесі өзінің ойын желіде жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Адамдар оттегі баллонын таппай жүр": Димаш Құдайберген елордадағы отшашуға шүйлікті
Димаш Құдайберген. Фото: NUR.KZ: Original
"Отшашу ненің құрметіне ұйымдастырылды? Біздің коронавирус жұқтыру бойынша бірінші орынға шыққанымыз үшін бе? Астанада отшашу ұйымдастырып жатқанда, адамдар оттегі баллондарын таба алмауда! Осылай жалғастыра беріңіздер, келесі жылы тойлайтын адам да қалмайды...", - дейді Димаш Instagram парақшасындағы жазбасында.

Көпшілік әншінің бұл жазбасын қолдап, өз пікірлерін жарыса жазып жатыр.

"Дұрыс айтасың, үнемі халық жапа шегеді", "Күн сайын өлім, жаназа. Халқыма сабыр берсін", "Жылап отырмын, жұрт кедейленіп барады", "Халықты тыңдайтын адам жоқ, жүрегім ауырып жатыр", "Ақшаны желге шашты. Адамдар өлім мен өмір арасында тұр, бұл- нағыз мазақ", "Халықтың саны азайып жатыр" десті олар.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы елордада 6 шілде күні ұйымдастырылған отшашуға қатысты пікір білдірген еді.

"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған", - деді басқармада.

"Ненің құрметіне?!": Димаш Құдайберген елордадағы отшашуға шүйлікті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.