Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ коронавирус бойынша тағы антирекорд орнатты

Опубликовано:

АҚШ-та 24 сағат ішінде коронавирус инфекциясы бар 60 мыңға жуық науқас анықталды. КВИ-дің жаңа легі жаппай наразылықтардан кейін өршіген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

АҚШ коронавирус бойынша тағы антирекорд орнатты
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

NYT мәліметтеріне сәйкес, бір күнде 59,4 мың америкалық тұрғын вирус жұқтырған. Осылайша, бір уақытта 5 штат рекорд орнатты.

Онлайн режимде коронавирус бойынша статистиканы есептейтін worldometers.info порталының мәліметінше, АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3,2 миллионнан асқан.

Жалпы алғанда, әлемде 12 миллионнан астам адамнан КВИ анықталды. Америкалықтар бұл сандардың төрттен бір бөлігін құрайды.

Штатта COVID-19 136 мыңға жуық адамның өмірін қиды. АҚШ-та екінші апта коронавирустың рекордтық көрсеткіштері тіркелді.

Сондай-ақ, Миннеаполистегі Джордж Флойдтың өліміне байланысты АҚШ-тың жүздеген қаласында өткен жаппай наразылық шерулерінен кейін вирус жұқтыру дерегінің артқаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми түрде мәлімдеді. Ақ үй басшысы БҰҰ-да осындай мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Орегон штатындағы Линкольн округінің әкімшілігі афроамерикалықтарға қоғамдық орындарда қорғаныс маскаларын тақпауға рұқсат берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864288-aks-koronavirus-bojynsa-tagy-antirekord-ornatty/

pixel