Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "СҚ-Фармация" қызметін жемқорлық тұрғысынан тексеруді тапсырды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында "СҚ-Фармация" аясындағы "топтық мүделлерге" қатысты мәселе көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорда баспасөз қызметінің Youtube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев "СК-Фармация" қызметін тексеруді тапсырды
Фото: Ақорда: UGC

Отырыс барысында президент денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдап, оған тапсырмалар жүктеді. Тоқаевтың сөзінше, коронавирусқа да, пневмонияға да "көз жұмуға" болмайды және барлық күшті дертпен күреске жұмсау керек.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы министрлерден "СҚ-Фармация" қызметі туралы сұрады.

"СК-Фармация" қандай ұйым, онда кім жұмыс істейді? Олар неге үнемі сенімді ақтамайды? Бұл ұйым жайлы соңғы 15 жыл бойы естіп жүрмін. Барлығы сонда жұмыс істегісі келеді. Ұйым айналасында топтық мүдделер байқалады. Не істемекшісіздер?",- деді мемлекет басшысы.

Президентке жауап берген денсаулық сақтау министрі "СҚ-Фармация" дәрілерді мемлекеттік сегментке, әсіресе, ауруханалар мен клиникаларға жеткізетінін мәлімдеді. Цойдың сөзінше, компания препараттарды зауыттардан тікелей сатып алады және отандық өндірушілерге қолдау көрсетеді.

"Осы мәселеге назар аударыңыздар. Алдымен кадрлық мәселелерді шешу керек. Маған қазір "СҚ-Фармацияның" қызметін айтты. Оның немен айналысатынын білеміз, бірақ қалай айналысады? Міне, мәселе осында. Одан бөлек, менің жемқорлыққа қарсы агенттікке, Шпекбаевқа тапсырмам бар. Бұл ұйымды сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан тексеру керек",- деді президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанға Өзбекстаннан, Катар мен Біріккен Араб Әмірлігінен және басқа да елдерден гуманитарлық көмек келіп жатқанын айта кетті.

"Мұндай ақпаратты тыңдау да ыңғайсыз. Осы жағдайға да жеттік. Осыншама мемлекеттен дәрі-дәрмегі бар гуманитарлық көмек алып отырмыз. Өзімізде ештеңе жоқ. Бүтін бір ұйым мемлекеттік ұйымдар бойынша дәрілік бұйымдарды бөлумен айналысады. Онда көптеген адам жұмыс істеп жатыр, Жоғары жалақы алып отыр. Мұның барлығы не үшін керек? Анықтаңыздар",- деді Тоқаев.

Кейіннен президент Алик Шпекбаевқа компанияның жұмысын тексеруді тағы да тапсырды,

Видеоға таймкод - 11:18.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864469-tokaev-sk-farmacia-kyzmetin-zemkorlyk-trgysynan-tekserudi-tapsyrdy/

pixel