Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аружан Саин 42 500 теңге жәрдемақының мөлшерін қайта қарастыруды ұсынды

Жарияланған күні:

Балалар омбудсмені Аружан Саин 42 500 теңгені құрайтын жәрдемақының мөлшерін қайта қарастыруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл сома отбасындағы балалар санына негізделуі тиіс. Қоғам қайраткері бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн-брифингінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аружан Саин. Фото: facebook.com/aruzhan.sain
Аружан Саин. Фото: facebook.com/aruzhan.sain: Facebook

Омбудсмен жәрдемақыны отбасындағы балалар санына сәйкес төлеуді ұсынып отыр. Айтуынша, 42 500 теңгеге үміткер адамның бір, үш немесе бес баласы, сондай-ақ мүлдем балалары болмауы мүмкін.

Егер бір ересек адамға бұл ақша жеткілікті болса, бірнеше балалары бар отбасына бұл жәрдемақыға өмір сүру қиын.

Осы орайда қоғам қайраткері көршілес Ресейді мысал ретінде келтіріп өтті.

"Ол жақта барлық көмек балаларға бағытталған. Бұл ақылға қонымды және азаматтарға қолдау көрсететін шара", – дейді Аружан Саин.

Оның пікірінше, қаржы немесе еңбек министрлігі секілді бейінді ведомстволарға шұғыл түрде аталған шараларды қайта қарап шыққан жөн.

Омбудсмен бұл мәселе бойынша ешқандай ресми мәлімдеме жасамағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін шілде айына арналған 42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтініштер қашаннан бастап қабылданатынын хабарлағанбыз.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, "президенттік" жәрдемақыны үлестіруді өткен жолғыдай мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асырады. Қазір министрлер кабинеті мен Ұлттық банк қорды қаржыландыру мәселесін шешуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865059-aruzan-sain-42-500-tege-zrdemakyny-mlserin-kajta-karastyrudy-syndy/