Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін біліп тұрса, дәрігердің керегі не": Павлодарлық медбике жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

Павлодардағы қайта мамандандырылған кардиологиялық орталықта коронавируспен ауыратын науқастармен жұмыс істейтін Катя есімді медбике кейбір науқастардың іс-әрекеттерін айыптап, адамдардан дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне өздерінің теріс пікірлерін жаудыруын доғаруды сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Павлодарлық медбике қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: www.instagram.com/katrin_essa_.: Instagram

Ол кейде адамдарға ақ халаттылардың көмегі қажет емес секілді көрінетінін айтты, өйткені кейбір пациенттер негативті қарым-қатынас жасайды екен.

Айтуынша, олар дәрігерлермен дауласып, өздеріне ерекше көңіл бөлінбейтінін айтып шағымданады және қандай дәрі қабылдау керегін, екпені қалай салуды және басқа да процедуралардан қалай өту керегін "өздері-ақ жақсы біледі".

Медицина қызметкері өзінің Instagram парақшасында қазақстандықтарға үндеу жасады.

Катя "егер адамдар барлығын біліп тұрса, онда дәрігерлердің керегі не" деген сұраққа жауап таппай, аң-таң болды.

Медбике оған алғыс пен марапаттың қажеті жоқ екенін, сонда да "олар не тындырып жатыр дейсің", "менің туысыма мүлде қарамайды, олардың барлығына түкіргені бар" секілді пікірлерге ренжімеу мүмкін болмай бара жатқанын айтты.

Келіншек ашуға булығып, пікір жазатын адамдарға бөлімде барлық процедураларды орындауға және әр пациентті тәртіппен ұстауға міндетті 70 адамға бар-жоғы төрт медбике бөлінгенін түсіндіріп берді.

Мұндай қысылтаяң жағдай кезінде кейбір науқастарға өздері қалағанынша қолдау білдіруге уақыт жоғын жасырмайды, бірақ Катя науқастардың барлығы үшін іштей алаңдайтынын мойындайды.

Ақ халатты абзал жан адамдардан қорғаныс костюмдерінде ыстықтан тұншығып тұрған медбикелер айналасында болып жатқанына немқұрайлы қарамайтындығын түсінуді сұрайды.

Катя науқастың ауруханадан жазылып шыққан сәтін өз еңбегінің жемісі деп білетінін айтты. Ол үшін құтқарылған өмірден артық алғыс жоқ.

Еске салсақ, Ресейлік танымал педиатр Леонид Михайлович Рошал коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865325-brin-bilip-trsa-drigerdi-keregi-ne-pavlodarlyk-medbike-zanajkajyn-zetkizdi/