Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан болатын асқынудың басты белгісі анықталды

Опубликовано:

Француз ғалымдары коронавирус инфекциясынан туындайтын асқыну қаупі жоғары науқастардың басты ерекшелігін атады. Бұл туралы Science журналында жарияланған мақалада айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, ғалымдар Covid-19 вирусын жұқтырған 50 пациентке зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Олардың арасында аздаған жөтелден ауыр тыныс алу жеткіліксіздігіне дейінгі түрлі симптомдағы науқастар болыпты.

Қан, тіндерді, иммундық жасушалар мен басқа да биоматериалдарды талдай келе, зерттеушілер асқыну белгілері бар адамдарға тән ортақ ұқсастық – интерферонның тапшылығы және күшейтілген қабыну деген қорытындыға келген.

Мысалы, ауыр науқастарда иммундық жүйе вирустармен күресу үшін қолданатын I типті интерферондардың жетіспеушілігі байқалды. Ал интерферондарды өндіру коронавирус инфекциясының дамуын баяулататыны белгілі.

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, интерферон – науқастың симптомдары мен сауығуына әсер ететін негізгі фактор. Сонымен қатар, коронавирусты жүйелі емдеудің бірден-бір жолы.

Еске сала кетсек, осыған дейін дәрігер-кеңесші, медицина ғылымдарының докторы, инфекционист, профессор, академик Ғалия Жұманбаева эпидемия қашан аяқталатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865346-koronavirustan-bolatyn-askynudy-basty-belgisi-anyktaldy/

pixel