RU

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат етілуі мүмкін

Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған дағдарысқа байланысты қазақстандықтарға өз жинақтарының 10 пайызын алу ұсынылуда. Бастаманы БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Евгений Сейпульник көтеріп отыр. Ол бұл қаражат кей жандардың өмірін құтқара алатынына сенімді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы Евгений Сейпульник Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Заңгер Қазақстан экономикасына және азаматтардың қаржылық жағдайына теріс әсер еткен коронавирус пандемиясына байланысты салымшыларға жинақтан 10 пайыз беру туралы ұсынсын білдірді.

Сарапшының сөзінше, осы арқылы БЖЗҚ азаматтардың қор жұмысына деген сенімін арттырып, қызметті жаңа дейгейге көтеруге, сонымен қатар, табыстан айырылған ел тұрғындарына төленетін 42 500 теңгені 100 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

Сейпульник өзінің бастамасының арқасында мемлекет бюджетіне түсетін салық 170 миллиард теңгеге артты деп отыр. Оның сөзінше, бұл қаржыны еліміздің билігі коронавируспен күресуге жұмсай алады.

Қоғамдық кеңес төрағасы аталған төлем кейбір адамның өмірін құтқарады деген сенімде. Ал жинақтың бір бөлігін қажет етпейтіндер қордан ақша алмауы мүмкін.

Сейпульник бұл құқықты міндет емес, мүмкіндік ретінде қарастыруды ұсынып отырғанын мәлімдеді.

Мемлекет дағдарыс кезінде қазақстандықтарға қаржылық қолдау көрсете отырып, әрі қарай зейнетақыны жинау үшін тиісті жағдайды жасайды, дейді адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865781-kazakstandyktarga-zejnetaky-zinaktaryny-bir-bligin-aluga-rksat-etilui-mmkin/