RU

Қазақстан қашан және кімдерден коронавирусқа қарсы вакцина алады

Денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында еліміздің қай мемлекеттерден коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуды жоспарлап отырғанын айтып берді – ол Қазақстанның Ресеймен басымдықпен жеткізу туралы келісімі бар екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстан вакциналарды түрлі елдерден алу мүмкіндігін қарастырып отыр. Алдымен олар клиникалық сынақтардан өтуі тиіс.

"Жеткізу мерзімі вакцинаның клиникалық сынақтардың барлық кезеңінен өтіп, көпшілік қолдануна берілгені ресми түрде расталған кезде ғана белгілі болмақ. Біз ресейлік әріптестермен Қазақстанға вакцинаның басым тәртіпте жеткізілуі жөнінде келістік", – деді министр.

Ол сондай-ақ еліміздің Қытайдан да вакцина алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын тілге тиек етті. Бұл вакцина Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп жасалуда.

"Біз нақты мерзім мен клиникалық сынақтарды күтіп отырмыз. Содан кейін қай вакцинаны бірінші кезекте алатынымызды шешеміз", – деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында Қазақстанда коронавирустан 610 адамның көз жұмғанын мәлімдеген. Алайда, бұдан бұрын ресми статистикада 585 науқастың қайтыс болғаны айтылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866018-kazakstan-kasan-zne-kimderden-koronaviruska-karsy-vakcina-alady/