jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Шу қаласында мектеп директоры "қыз ұзату" тойын жасаған (фото, видео)

: Instagram

Жамбыл облысы Шу қаласында карантин кезінде "қыз ұзату" той жасаған мектеп директоры жауапқа тартылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Әкімдік қызметкерлері әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында Жамбыл облысында орналасқан Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде отбасылық салтанатты шараның өткізілуі туралы бейнежазбаны байқаған.

Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті тойдың осы жылдың 26 маусым күні өткенін анықтады.

  • Осыған сәйкес, карантин режимін бұзып, мерекелік шара ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынған.
"Одан бөлек, іс-шараны ұйымдастырушы Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды. Бүгін ол кезекті еңбек демалысында. Демалыс аяқталғаннан кейін тәртіптік комиссиямен оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады", - делінген хабарламада.   

Сонымен қатар отбасылық шара өткен мекеме де Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

Шу қаласында мектеп директоры "қыз ұзату" тойын жасаған (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.