RU

Алматыда жасырын цехтен 100 тоннаға жуық дәрі-дәрмек табылды

23 шілде күні Алматы қаласының прокуратурасы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жалған дәрі-дәрмектерді дайындайтын жасырын цехті анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мемлекеттік прокуратураның Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: PxHеre.com
Көрнекі фото: PxHеre.com: Depositphotos

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәрі-дәрмектерге арналған орама материалын дайындау бойынша баспахана, дайындалған заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма және жасырын цех анықталды.

Ол жерден 100 тоннаға жуық оралған күмәнді дәрі-дәрмектер тәркіленген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күмәнді дәрі-дәрмектерді ел аумағында көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы заңсыз өткізуге әрекет етудің жолын кесті.

Анықталғандай, барлық дәрі-дәрмектердің өндірісі күмән тудырады. Дайын өнімнің сыртында көпшілікке таныс, ел арасында кең таралған танымал препараттардың атауы жазылған.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Прокуратураның хабарлауынша, құқыққорғаушылар Алматыда дәрі-дәрмектер бағасын көтеру фактісі бойынша109 құқық бұзушылық анықталып, нәтижесінде 109 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866584-almatyda-zasyryn-cehten-100-tonnaga-zuyk-dri-drmek-tabyldy/