Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте емделіп жатқан әйелдің денесі құрылыс алаңынан табылды

Опубликовано:

Шымкентте провизорлық орталықтан 100 метр жерде орналасқан құрылыс алаңында 63 жастағы науқастың мәйіті табылды. Сапаршылардың айтуынша, әйелді буындырып өлтірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте емделіп жатқан әйелдің денесі құрылыс алаңынан табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

13 шілде күні марқұмның күйеуі әйелінің жағдайын білу үшін оған қоңырау шалған екен. Алайда, бұған дейін үнемі қоңырауға жауап беріп отырған жұбайы бұл жолы тұтқаны көтермепті.

Полиция марқұмның туыстарына әйелдің рұқсатсыз провизорлық орталықтан кетіп қалғанын және оның денесі құрылыс алаңынан табылғанын хабарлады.

Қара жамылып отырған отбасының көршісі өлер алдында қатты ұрып-соғылғанын, оның қарсылық танытқанын айтып отыр. Өйткені, марқұмның иығы соғылып, тырнақтары сынған, ерні жырылған.

Ал марқұмның туыстары әйелдің провизорлық ауруханадан кетіп қалуына медицина қызметкерлерінің дөрекілігі себеп болған дейді. Бұған дейін әйел осы мәселе бойынша телефон арқылы туыстарына шағымын жеткізген.

Ал провизорлық орталық директоры науқастың емханадан қашып кетуіне ауру салдарынан моральды түрде шаршағанын алға тартады. Оның айтуынша, әйел бірнеше рет үйіне шығаруды сұрағанымен, үйде күтім жасайтын ешкімнің жоқ екенін жеткізген.

Дәрігерлер оны ауруханада қалдыруға шешім қабылдайды. Оның үстіне әйелдің жағдайы жақсарып, үйге шығуға дайындалып жатқан. Әйелдің өзі ауруханадан шығарғалы жатқанын білді. Дәрігерлердің айтуынша, әйел ауруханадан қашуды жоспарлап, бір жарым сағат бойы оңтайлы сәтті күткен.

Провизорлық орталық директоры Дәулет Ержановтың айтуынша, әйелдің ауруханадан шыққан сәтінің видеосы бар. Видео тергеушілерге берілді.

"Маған науқасты емдеуші дәрігер 12 шілде күні сағат кешкі тоғыз шамасында келіп, науқастың үйіне кеткісі келетінін айтты. Науқаспен әңгімелесу кезінде емдеу шараларынан моральды түрде шаршағаны белгілі болды. Барлығы COVID-19 туралы айтатынын ескеріп, өзіне де осы диагноз қойылды деп ойлады. Мен өзім жеке барып, науқасқа басқа диагноз қойылғанын айттым. Тағы үш күн ауруханада болуын, толық емдеп шығаратынымды жеткіздім. Ол соған келісті", – деді Ержанов.

Еске салсақ, Шымкентте өзін мазақ еткен жігітке пышақ сұққан 75 жастағы ер адам сот кезінде қайтыс болғаны жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866586-symkentte-emdelip-zatkan-jeldi-denesi-krylys-alaynan-tabyldy/

pixel