Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өрте" деген айғай естілді: Куәгер Сәтбаевтағы тәртіпсіздік жайлы шындықты айтты (фото)

Опубликовано:

Сәтбаевтағы түнгі тәртіпсіздік куәгері оқиға барысын айтып берді. Оның сөзінше, тұрғындар күдікті подъезіндегі барлық пәтерді талқандауға тырысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: Оқиға орындарынан фото пайда болды
Кадр: Әлеуметтік желі: UGC

Подъезд алдындағы түнгі тәртіпсіздік, полиция ғимаратындағы халық және бейкүнә адамдардың мүлігінің зақымдануы. Сәтбаев тұрғыны өткен түнді дәл осылай сипаттап берді. Ол барлық жайтты өз пәтерінен бақылап отырған екен.

"Қызды пәтерден алып шыққанда көшеде кек алғысы келген бір топ адам тұрды. Олар полиция қоршауына қарамастан, күдіктінің пәтерінің алдында шу шығарып, оны өздеріне беруді сұрады. "Өрте" деген айғайлар естілді.

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: Оқиға орындарынан фото пайда болды
Кадр: Әлеуметтік желі: UGC

Мен адамдар от қойып, біздің үйіміз сіріңке сияқты жанып кетеді деп қорықтым. Көп ұзамай полиция адамдардың арасын ажыратып, күдіктіні алып кетті. Оны халыққа жазалауға бермеді, көптеген азамат жергілікті полиция ғимаратына полицейлердің артынан еріп кетті",- деді ол.

"Өрте" деген айғай естілді: Куәгер Сәтбаевтағы тәртіпсіздік жайлы шындықты айтты (фото)
Кадр: Әлеуметтік желі: UGC

Куәгердің сөзінше, кейбір азаматтар көпқабатты үйдің алаңынан кете қоймаған, тіпті, күдіктінің үйіне де кірген.

"Түні бойы қалада тәртіпсіздік болды. Адамдар полиция алаңында шамдармен, тастармен және тағы басқа заттармен тұрды. Онда екі полицей көлігі мен тағы бір көлік және ғимаратты өртеді. Көбіне жастар жүрді, олар қыз үшін алаңдамаған сияқты, тек бұзақылық жасағысы келді",- деді келіншек.
"Өрте" деген айғай естілді: Куәгер Сәтбаевтағы тәртіпсіздік жайлы шындықты айтты (фото)
Кадр: Әлеуметтік желі: UGC

Куәгердің сөзінше, таңнан бері Сәтбаев қаласында мобильді байланыс пен интернетте ақаулар туындап жатыр. Соған қарамастан, желіде түнгі тәртіпсіздіктен фото мен видеолар тарауда.

Одан бөлек, қызға қатысты қылмыстық әрекеттерді 62 жастағы күдікті емес, оның жақында түрмеден оралған ұлы жасаған деген нұсқа да пайда болды. Бұл жайында полицияның ресми деректерінде әзірге ештеңе айтылған жоқ.

"Өрте" деген айғай естілді: Куәгер Сәтбаевтағы тәртіпсіздік жайлы шындықты айтты (фото)
Кадр: Әлеуметтік желі: UGC

Айта кетейік, балалар омбудсмені Аружан Саин Сәтбаев қаласында бес жасар қыздың ұрлануына қатысты пікір білдірді.

"Өрте" деген айғай естілді: Куәгер Сәтбаевтағы тәртіпсіздік жайлы шындықты айтты (фото)
Кадр: Әлеуметтік желі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866612-rte-degen-ajgaj-estildi-kuger-stbaevtagy-trtipsizdik-zajly-syndykty-ajtty-foto/

pixel