Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның еңбек сіңірген кеден қызметкері Игорь Тен өмірден озды

Опубликовано:

25 шілде күні Қазақстанның еңбек сіңірген кеден қызметкері (ҚР кеден қызметінің негізін қалаушылардың бірі) Игорь Тен 57 жасында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Игорь Тен. Фото: kapital.kz
Игорь Тен. Фото: kapital.kz: Facebook

Еңбек жолында ол кедендік төлемдер департаментінің аға инспекторынан Қазақстан Республикасы кеден комитеті төрағасының орынбасары лауазымына дейін қызмет етті. Кеден қызметінің полковнигі атағын иеленген.

Кәсібилігі, мінсіз қызметі, кедендік ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар халықаралық, республикалық және ведомстволық марапаттар мен ынталандыруларға ие болған.

Өзінің кәсіби шеберлігі мен дипломатиялық қабілетінің арқасында шетелдік әріптестерінің арасында үлкен беделге ие болды.

Өмірінің соңғы жылдары «Транко» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Игорь Тен салауатты өмір салтын насихаттап, тау туризмімен айналысты, бірнеше рет марафон мен велосипед жарыстарына қатысты. Сондай-ақ, ол өз бетімен қант диабетін жеңіп шыққан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданының әкімі 41 жасында дүние салғанын хабарлағанбыз.

Жолан Омаров 27 шілдеде таңғы сағат бесте қайтыс болған. Ол екі апта бұрын пневмониямен ауруханаға жатқызылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867031-kazakstanny-ebek-siirgen-keden-kyzmetkeri-igor-ten-mirden-ozdy/

pixel