Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3 тамыздан бастап Қазақстанда қоғамдық көлік іске қосылуы мүмкін

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы министрлер кабинетінің отырысында 3 тамыздан бастап елдегі қоғамдық көліктердің жұмысына қайта рұқсат беруді ұсынып жатқанын айтты - бұл ұсынысты мемлекеттік комиссия қарайтын болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

3 тамыздан бастап Қазақстанда қоғамдық көлік іске қосылуы мүмкін
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Алексей Цой Қазақстанның қалалары мен аудандарындағы қоғамдық көліктерді шектеулермен іске қосуды ұсынды.

Жолаушылар бетперде киіп, санитарлық режимді сақтауы керек, көлік тек 50% толуы қажет, сондай-ақ, кондукторлар автобустарда қайта пайда болуға міндетті.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігі шағын автобус түріндегі қалааралық микроавтобустарға тыйым салуды ұсынады. Сондай-ақ, елде 3 тамыздан бастап қала маңындағы пойыздар мен электр пойыздарын іске қосу жоспарланбайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 27 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда тағы 1526 адамнан COVID-19 анықталды. Осылайша, елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 84 648-ге жетті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге қанша қаражат кететіні туралы жазған болатынбыз.

Медициналық сақтандыру қорының басшысы ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте коронавируспен ауырған бір науқастың ауруханада ем алуы қанша тұратынын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867033-3-tamyzdan-bastap-kazakstanda-kogamdyk-klik-iske-kosyluy-mmkin/

pixel