Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші пневмониядан қайтыс болған ағасы жайында айтты

Опубликовано:

Танымал қазақстандық тележүргізуші әрі кәсіпкер Жанат Бақыт пневмонияның салдарынан туған ағасынан қалай айырылғанын "31 арнадағы" "Неге?" қоғамдық-саяси ток-шоуының эфирінде айтты.

Жанат Бақыт дәрі тапшылығы мен ауруханалардағы орын жетіспеушілік туралы да жайып салды.

"10 жедел жәрдем қатар тұр, ешқандай аурухана есігін ашпайды, бәрінде темір құлып тұр, орын жоқ" - дейді тележүргізуші.
Танымал тележүргізуші пневмониядан қайтыс болған туған ағасы туралы айтты (видео)

Жанат Бақыт оған қоса бауырын жерлейтін жерді әрең тапқанын, жерлеуге арналған жерлердің бағасы осы эпидемия кезінде күрт қымбаттағанын айтты.

"Кеңсайда бұрын жерді қазғанға 50 мың теңге алатын, қазір менен 350 мың теңге алды" - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867041-tanymal-telezrgizusi-pnevmoniadan-kajtys-bolgan-agasy-zajynda-ajtty/

pixel