RU

Павлодарда екі бала әткеншекпен қоса ұшып кетті (видео)

Павлодарда көпқабатты үйлердің ауласында оқыс оқиға орын алды. Әткеншек тепкен екі бала ауруханадан бір-ақ шықты. Олар қауіпті аттракционмен қоса құлап, темір қақпаға соғылған. Жарақат алған жасөспірімдер бірден жергілікті емханаға жеткізілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: UGC

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, Павлодарда екі баланың әткеншек тебуі ауруханамен аяқталды.

2006 және 2007 жылы туған жасөспірімдер көпқабатты үйлердің ауласында әткеншек тепкен. Бір сәтте аттракцион бекіткіштен ұшып кетіп, балалармен қоса жақын орналасқан темір қақпаға соғылып құлаған. Оқиға куәгерлері бірден балаларға қарай жүгіре жөнелді. Сансыз жарақат алған қос ер балаға кәсіби көмек көрсету үшін оларды ауруханаға жеткізді.

Жасөспірімдер жергілікті емхананың травматологиялық және хирургиялық бөлімдерінде орташа ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі таңда, оларға дәрігерлер тарапынан тиісті көмек көрсетілуде.

Оқыс оқиға орнындағы видео желіде тез тарап кетті. Кейбір желі қолданушылары бұл жағдайдың Целинная көшесінде орын алғанын жазуда. Олардың айтуынша, аталмыш жерде ескі ауладағы балаларға арналған әткеншектер нашар жағдайда тұр.

Жазба авторлары бұл жағдайдан кейін енді қала билігі балалардың ойын алаңдарының жағдайына назар аударса деген үмітте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867221-pavlodarda-eki-bala-tkensekpen-kosa-syp-ketti-video/