Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен ТМД елдерінде орташа жалақыға қанша литр бензин сатып алуға болады

Опубликовано:

Ресей мен бұрынғы КСРО-ның өзге мемлекеттеріне қарағанда Қазақстанда бензин бағасы анағұрлым қолжетімді болып шықты. Жанармай нарығында зерттеу жүргізген сарапшылар осындай шешімге келді. Олар әр түрлі елдерде орташа жалақыға қанша литр бензин сатып алуға болатынын анықтап көрді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттерден тұратын рейтингте біздің еліміз көш басында орналасты. Мамандар қазақстандықтардың орташа жалақы мөлшері өзге ел азаматтарымен салыстырғанда айтарлықтай аз болса да, бұл ақшаға ең көп бензин сатып алуға болатынын дәлелдеді.

Инфографика скриншоты
Инфографика скриншоты: UGC

Picodi сарапшылары мысал ретінде қолма-қол алатын 160 мың теңгені (384 доллар) құрайтын еңбек ақысын алды. Олардың ойынша, бұл біздің еліміздегі орташа жалақы мөлшері. Мемлекетімізде орнатылған бензин бағасын негізге ала отырып, мұндай айлыққа 923 литр жанармай сатып алуға болатынын анықтаған. Бұл Украина, Қырғызстан, Грузия және посткеңестік кеңістіктің басқа елдерімен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіштер болып отыр.

Инфографика скриншоты
Инфографика скриншоты: UGC

Қазақстаннан кейін рейтинг бойынша Ресей келе жатыр. 582 доллар көлеміндегі жалақыға бұл елде 919 литр бензин сатып аласыз. Айта кетерлігі, мемлекеттердегі жанармай бағасының айырмашылығы үлкен емес. Біздің елде бензин 0,42 доллар тұрса, Ресейде 0,63 долларға бағаланады.

Үздік үштікке Эстония да кіреді. Орташа жалақыға бұл жерде 915 литр бензин құюға болады.

Инфографика скриншоты
Инфографика скриншоты: UGC

Тәжікстан мен Өзбекстанда ел азаматтары тек 151 мен 330 литр жанармай ала алады. Әзірбайжанда бір айлыққа 623 литр бензин алуға болса, Арменияда 403 литр.

Инфографика скриншоты
Инфографика скриншоты: UGC

Ал Еуропа елдерінде мүлдем басқа жағдай көрініс табуда. Мұнда өмір деңгейі мен жалақы мөлшері жоғары болғандықтан, Қазақстанға қарағанда мың литр бензинге дейін көп сатып алуға болады. Мәселен, Швециядаға жанармай бағасы Қазақстандағыдан үш есе қымбат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867234-kazakstan-men-tmd-elderinde-ortasa-zalakyga-kansa-litr-benzin-satyp-aluga-bolady/

pixel