Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыз айында 42 500 теңге беріле ме: Экономика министрі пікір білдірді

Опубликовано:

Елімізде карантиннің тағы екі аптаға ұзартылуына байланысты тамыз айына 42 500 теңге төле ме? Бұл сауалға Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан Даленов. Фото: primeminister.kz.
Руслан Даленов. Фото: primeminister.kz.: Depositphotos
"Карантинді созу мәселесі мемлекеттік комиссияға тапсырылды. Сонымен қатар мемлекеттік комиссияның алдағы отырысында шектеу шараларының ұзартылуына байланысты, халық пен экономикаға қолдау көрсету мәселесі де қарастырылады" , - деп жауап берді Дәленов тамыз айына 42 500 теңге беру туралы сұраққа.

Министрлік басшысы мемлекеттік комиссия отырысы мен оның барысында қабылданатын шешімдерді күтуге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін отандық депутат Нұржан Әлтаев қазақстандықтарға 42 500 теңге көлеміндегі төлемді тек карантин кезінде ғана емес, тұрақты түрде төлеп отыруды ұсынды.

Депутаттың пікірінше, "коронавирустық дағдарыс" халықтың кедейленуіне әкеп соқтырады, бұл адамдарды ұрлыққа, тонауға, тіпті адам өлтіруге итермелейді. Мемлекеттен төленетін төлемдер елді қылмыстың өсуінен сақтайды.

Сондай-ақ, дағдарыс адамдардың өмір сүру сапасын едәуір төмендетуі мүмкін. Кедейліктің салдарынан адамдар нашар тамақтанып, бұның соны ауруға алып келуі ықтимал. Сайып келгенде, мемлекетке шығындарды өз мойнына алуға тура келеді.

Әлтаевтың ойынша, кейінірек зардабы үшін төлегенше, төлемдерді қазір тағайындаған абзалырақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867321-dalenov-tamyz-ajyndagy-42-500-tegege-katysty-pikir-bildirdi/