RU

Коронавирустан қорғайтын масканың ең тиімді түрі анықталды

Ғалымдар коронавирусқа қарсы ең тиімді масканы атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.

Коронавирустан қорғайтын масканың ең тиімді түрі анықталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Сарапшылар қолдан жасалған бір және екі қабатты матадан жасалған маскалар мен үш қабатты хирургиялық бетперделерді салыстырған.

Зерттеу нәтижелері үш қабатты хирургиялық масканың ең тиімді екенін көрсеткен. Аталған маскамен сөйлеу және жөтелу кезінде тамшылар аз таралды екен.

Ғалымдар қолданылған материалдың түрі, дизайны, бетті жауып тұруы, сонымен қатар жуу жиілігі маскалардың қорғаныш қасиеттеріне әсер ететіндігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін терапевт-эндокринолог Дария Мамыраимова коронавирустан сақтану үшін бетперденің қандай түрін таққан дұрыс екенін айтқан еді.

Оның айтуынша, қазір полимерлі масканы қолданған жөн. Өйткені полимерлі мата бактерияларды сүзгіштігі жағынан өте жақсы.

Сонмен қатар бұған дейін Жаңа Зеландияда өнертапқыштар көзілдірікке ұқсас маска ойлап тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Бетке арналған AO Air деп аталатын қорғаныш маскасын Atmos компаниясы жасаған.

Маска ауаның ластануына байланысты жасалған және алғаш рет 2020 жылы қаңтарда санаулы ғана шығарылған.

Өнертапқыштардың пікірінше, AO Air N95 респираторына қарағанда 25 есе тиімді қорғайды. Масканың құны 350 доллар тұрады. Құрастырушылардың ойынша, ол N95 маскасын алмастыруы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867345-koronavirustan-korgajtyn-maskany-e-tiimdi-tri-anyktaldy/