Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туристер жоқ": Таиландта аш маймылдар адамдарға шабуылдауда

Опубликовано:

Таиландтың Лопбури қаласында карантин кезінде саны едәуір артқан макакалар халыққа шабуыл жасауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Белта-ға сілтеме жасап.

"Туристер жоқ": Таиландта аш маймылдар адамдарға шабуылдауда
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

70 мың адам тұратын Лопбури қаласында макакалардың саны 8,8 мыңға дейін артқан.

Бұрын макакаларды елге келген туристер тамақтандыратын болған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты қалада келушілер жоқ.

Сондықтан аш маймылдар дүкеннің терезелерін сындырып, тамақ сұрап, ұрлауға дейін барады екен.

Сонымен қатар көшеде өткен-кеткен адамдарға шабуыл жасайтын көрінеді.

Тіпті олар азық-түлігі бар көлікті тонап кеткен жағдай да кездескен. Бұл оқиғада полиция ештеңе істей алмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Таиландта тәртіп сақшыларының арнайы тобы туристерді бақылайтынын жазған едік, себебі ел саяхатшылар үшін әуе кеңістігін ашуға дайындалып жатыр.

Еске сала кетейік, Таиланд коронавирустық инфекция өршіп тұрған кезде шетелден келетін өз азаматтары мен тұрақты тіркеуі бар шетелдіктерді елге кіргізуге уақытша шектеу қойған еді.

Бұл туралы Бангкокте өткен үкімет үйіндегі баспасөз қызметінде коронавирустық инфекция эпидемиясымен күрес орталығының баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867396-turister-zok-tailandta-as-majmyldar-adamdarga-sabuyldauda/

pixel