Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үш күн бойы қоғамдық көліктер жүрмейді

Опубликовано:

Алматы қаласында 31 шілдеден 2 тамызға дейін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы оңтүстік астананың Көлік холдингінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Құрметті жолаушылар! Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері, яғни 31 шілде, 1-2 тамызда Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ метрополитеннің жұмысы тоқтатылатындығын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.

Қоғамдық көліктер оңтүстік астанада дүйсенбі, 3 тамыз таңғы сағат 06:00-ден бастап жұмыс істейді. 

Сонымен қатар Құрбан айт кезінде Алматыда 14 полиция бекеті жұмыс істейді.

Алматыға кіреберістерде қойылатын бекеттер қалаға мал тасымалдануының алдын алмақ. Шаһарға тек онлайн режимде құрбандық шалуға арналған малдарды кіргізуге рұқсат етілген.

Ал қалаға кіретін күдік тудырған көліктердің барлығы полиция тексеретінін атап өтті.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, Алматы аумағында автокөліктерде және жеке иеліктегі үйлерде мал сойып, сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ Орталық мешітпен белгіленген онлайн режимде құрбандық шалу орындарынан бөлек, мал сою цехтары мен мал базарларының жұмысы тоқтатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867418-almatyda-s-kn-bojy-kogamdyk-klikter-zrmejdi/

pixel