Руслан Жанпейісов өзіне шыққан үкімге қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Аты-жөнін ресми түрде Бейбарыс Райымбеков деп өзгерткен Руслан Жанпейісов өзіне қатысты шығарылған үкімге қатысты пікір білдірді. Танымал блогердің тікелей эфирі оның Facebook-тегі парақшасында сақталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін, ақыры, іс бойынша үкім шығарылды. Мен сотталдым, достар. Маған ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Енді мен өзім сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін тергеу изоляторына отыру үшін сотқа бара жатырмын. Кейін мені колонияға ауыстыру керек", - деп атап өтті Руслан Жанпейісов.
Қоғам қайраткері сот шешіміне түсініктеме бергісі келмейтінін және апелляция мәселесін көтеретінін айтты.
Алайда, оның айтуынша, ол бір нәрсені түсінді: елде адам өзіне соққы тигенше өзін қорғай алмайды екен.
Жанпейісовтің сөзінше, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі оны бейсбол таяғымен ұрған жағдайда ғана ол аэрозоль қолданып, өзін қорғай алар еді.
"Егер сен қорғансаң, түрмеден бір-ақ шығуың мүмкін", - деді ол.
Жанпейісов атап өткендей, ол сотта барлық айыптардан бас тартты. Сондай-ақ, ол моральдық зиян келтіргені үшін жәбірленушіге - 400 мың, полиция қызметкеріне 150 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге дайын екенін айтты.
Жанпейісовтың сөзінше, судья үкімді онлайн режимде жариялады, үкім жарияланғаннан кейін ол бұдан әрі не істеу керектігін сұрады. Содан кейін оған сотқа келу туралы тапсырма берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Руслан Жанпейісовтің сот үкімімен 1 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867471-ruslan-zanpejisov-zine-sykkan-kimge-katysty-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.