Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғаншақтығымен титығына тиген": Томирис Байсафаның анасы күдікті туралы айтты

Опубликовано:

Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент Томирис Байсафаның анасы қызының Дағыстанның бұрынғы премьерінің ұлымен қандай қарым-қатынаста болғанын айтты. Блогер Тәңірберген Бердоңғармен өткен эфир барысында ол оқиға нұсқалары үнемі өзгеріп отыратынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Томирис Байсафаның анасы: Ол оның қызғаншақтығынан шаршаған"
Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna: UGC

"Томирис оның қызғаншақтығынан шаршаған"

Жанна Ахметова қызының Муртузали Меджидовпен қарым-қатынасы туралы айтты. Ол қызды өлтірді деп айыпталған Дағыстанның бұрынғы басшысының ұлы. Жігіт қамауға алынғанға дейін іс өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қаралды. Анасы Томиристің онымен екі жыл бойы кездескенін айтады.

Жігіт қыздың жүрегінен орын табуға тырысқан, ал дегеніне жеткеннен кейін қызғаншақ мінезімен Томиристің титығына тиген.

"Олар екі-үш курс бойы кездескен. Томирис жазғы демалыста маған келгенде, менің жанымда жүргенін оған үнемі дәлелдеуге мәжбүр болды... Олардың қарым-қатынасы жақсы емес еді, ал сабақ аяқталғаннан кейін мүлде бұзыла бастады. Ол маған жылап тұрып хабарласып, не істейтінін сұрады", - деп есіне алды анасы.

Оның пікірінше, қызы мен Муртузалидің қарым-қатынасы қайғылы жағдайдан бұрын аяқталған.

"Дәлел табылды"

Жанна қызының қайтыс болу фактісі бойынша іс қайта қаралғанын және қазір "Кісі өлтіру" бабы бойынша сот ісінің жүріп жатқанын бұқаралық ақпарат құралдарында мәлімет пайда болғанға дейін бірнеше сағат бұрын білгенін айтты.

"Дәлелдер табылды, жаңа айыптар пайда болды. Мен нақты мәліметтерді білмеймін", - дейді ол.

"Муртузалидің нұсқалары үнемі өзгеріп отыратын"

Томиристің терезеден құлағаны туралы білгеннен кейін анасы бірден Мәскеуге ұшып кеткен. Жеткен соң ол алдымен Муртузалимен сөйлескен.

"Ол кезде интернетте біреу жігіттің оны итеріп, ұрып, ұрысқанын көргені туралы көптеген видео мәлімдемелер болды. Бірақ уақыт өте ол мағлұматтардың бәрі жоқ болып кетті. Ол әр кез маған әр түрлі оқиғаларды айтып беретін", - дейді Жанна Ахметова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәскеуде көз жұмған қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне күдікті ретінде ұсталған Муртузали Меджидовке қатысты бұлтартпау шарасы қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867479-tomiris-bajsafany-anasy-zigit-kyzgansaktygymen-titygyna-tigen/

pixel