Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігінде жауапты хатшы ауысты

Опубликовано:

2020 жылдың 30 шілдесінде Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы ауысқаны белгілі болды. Ботагөз Жақселекова қызметінен кетіп, оның орнына Әсем Нүсіпова тағайындалған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әсем Нүсіпова. Фото: primeminister.kz
Әсем Нүсіпова. Фото: primeminister.kz: UGC

Жақселекованың қызметінен босатылғаны туралы қаулы да Ақорданың сайтында жарияланды. Екі құжатты қабылдап, оларға қол қойған - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды" , - деп жазылған хабарламада

Еске сала кетейік, Ботагөз Жақселекова денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы ретінде бір жылға жуық қызмет атқарды. Ол бұл лауазымға өткен жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы бірінші мамыр күні Алматы қаласында туған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867492-densaulyk-saktau-ministrliginde-zauapty-hatsy-auysty/

pixel