Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді ме

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелмегенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

"Қазіргі уақытта бізде Covid-19 вирусын екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Алайда қайтадан тесттен өткен кезде коронавирус инфекциясы бойынша оң нәтиже көрсеткен жағдайлар бар. Біздің иммунологтардың сөзінше, бұл – бастапқы кезеңде коронавирус жұқтырған пациенттің ағзасында қалып қойған вирус қалдығы. Яғни бұл – қалдық сипатындағы құбылыс. Олар тек тестте екінші рет көрініп тұрады. Оның үстіне аурудың ешқандай белгілері байқалмайды", - деді денсаулық сақтау министрі.

Ол тұрғындардан елде осыған ұқсас қандай да бір жағдай болып жатса, хабарлауды сұрады.

Еске сала кетсек, соңғы деректерге сүйенсек Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664-ке жеткен. Өткен тәулікте 1472 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде індеттен 57 815 адам жазылса, 793 науқас көз жұмған.

Ал жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 959 936 жетіп отыр. Оның ішінде 9 908 772 адам жазылып, ауруханадан шықса, 665 581 науқас қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867559-elimizde-koronavirusty-ekinsi-ret-zktyru-zagdajy-tirkeldi-me/

pixel