Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ММА шебері жекпе-жек кезінде төрешіге шабуылдаймын деп жеңісінен айырылды (видео)

Опубликовано:

Әбу-Дабидегі UAE Warriors 12 турнирінде қызықты жағдай орын алды. Біріккен Араб Әмірліктерінен шыққан спортшы Ахмад Аль-Дармаки отандасы Богдан Кириленконы жеңіп тұрып, жеңісінен айырылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Кездесу барысында Аль-Дармаки қарсыласын қылқындыру тәсілімен жеңген. Алайда қарсыласы жеңілгенін мойындаса да, ол Кириленконы дер кезінде жібермеген.

Нәтижесінде кеш төрешісі Марк Годдардқа арласуға тура келген. Дегенмен бұл Ахмадқа ұнай қоймаса керек, ол төрешінің өзін бірнеше мәрте итерген.

Бұл жайттан кейін Ахмад Аль-Дармаки турнирден шеттетіліп, ал жеңіс Кириленкоға берілген.

Айта кетейік, отандасымыз Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жеңіліспен аяқталған болатын.

Алайда жеңісті бірауыздан бразилиялық Раулиан Пайваға берген төрешілердің шешімі дау тудырған еді.

Кейін UFC президенті Дана Уайт та төрешілердің жұмысын сынға алды.

Еске сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов Ultimate Fighting Championship (UFC) прмоутерлік орталығымен биыл қаңтар айында келісім шартқа отырған еді.

Жұмағұлов промоутерлік орталықпен келісімге келген қазақстандық екінші спортшы. Өткен жылы шілде айында UFC алғаш рет қазақстандық Шавкат Рахмановпен келісім шартқа отырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867662-mma-seberi-zekpe-zek-kezinde-tresegi-sabuyldajmyn-dep-koldagy-zeisinen-ajyryldy-video/

pixel