jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы мен Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сауна әшкере болды

: Depositphotos

Алматы қаласының Наурызбай ауданында карантин кезінде үлкен сауна жұмыс істегені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Монша кешені мақсатты рейдтер барысында әшкере болған.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Ахановтың айтуынша, монша түнгі уақытта да жұмыс істеген. Клиенттерді тұрақты түрде қабылдап отырған.

Сонымен қатар, кешен жұмысшыларының ешқайсысы келушілерден санитарлық нормаларды сақтауды талап етпеген.

"Бұл түсінікті, себебі мекеме қызметкерлерінің өздері жеке қорғаныс құралдарынсыз және санитарлық тазартқыш құралдарын қолданбаған. Бұл біздің қоғамда кеңінен таралған қылмыстық немқұрайлылық. Әлем пандемиямен күресіп жатқандықтан, әр адам ауруды жою үшін бар күшін салуы керек, керісінше емес. Осы саунадан шыққан жеті адамға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік материалдар жиналды. Олардың әрқайсысына 30 мың АЕК айыппұл салынды, бұл 83 мың теңгеден асады", – дейді Дидар Аханов.

Сонымен қатар Шымкентте полиция қызметкердері мен мобильді топ өкілдері 29 шілде күні Абай ауданы аумағында жүргізген рейдтік іс-шара барысында карантин талаптарын елемеген нысандарды анықтаған.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы 1 Мамыр көшесі бойында орналасқан "Опушка" саунасы кешкі уақытта карантин режимін бұзып, жұмыс істеп жатқаны белгілі болған.

Ол жерде санитарлық талаптар өрескел бұзылғаны да байқалған.

Сауна әкімшісінен түсініктеме алынып, аталған жайтқа байланысты Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданған.

Айта кетейік, Шымкентте карантинге қарамай жұмыс істеген сауна бұған дейін анықталған еді.

Алматы мен Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сауна әшкере болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.