Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намысты қолдан бермеген": Асхат Садырбай Үшкемпіров туралы естілігімен бөлісті

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай күні кеше мезгілсіз дүниеден өткен даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровтың қазасын аза тұтуда. Ақпарат өкілі әйгілі палуанның қайтыс болғанына мүлдем сене алар емес. Бұл қаралы хабарды аса ауыр қабылдаған телевизия маманы марқұм туралы ерекше естелігімен бөлісіп, бір жыл бұрынғы видеосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay.
Фото: Instagram/askhatsadyrbay.: Instagram

Асхат Садырбай жантебірентерлік жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. Онда ол белгілі спортшының асқан ерлігі мен қайтпас қайсарлығына қалай тәнті болғанын жеткізді.

Оған қоса, танымал журналист Жақсылық Үшкемпіровпен өткен жылы ауызашарда кезіккен видеосын жұрт назарына ұсынған. Онда марқұм басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісіп жатқанын көруге болады.

"Аңыз адаммен Ауызашардағы әңгіме. Былтыр Жақсылық ағамен бірге ауыз ашып, әңгімесін тыңдап, ерлігі мен азаматтығына тағы бір рет тәнті болып едік. Қазақтан шыққан тұңғыш чемпион тобығы тайып, аяғы ісіп кетсе де намысты қолдан бермей белдесуге шыққан. Жеңіске жетіп, қуанып жатқан сәтінде не қалайсың десе, ағамыз ауылын сағынған екен, "бір кесе қымыз болса" депті. Видео жеке мұрағатымнан алынған" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Айта кетейік, кеше елге сыйлы спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың дүниеден өткені туралы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867797-namysty-koldan-bermegen-ashat-sadyrbaj-skempirov-turaly-estiligimen-blisti/

pixel