Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар жайлы мәліметті жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Алексей Цойдың ақпарынша, 2 тамызда коронавирустан ПТР нәтжиесі оң болған 34 қазақстандық, сонымен қатар ПТР нәтижесі теріс болған, алайда ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас 21 адам пневмониядан көз жұмған.

Жалпы 2 тамызда коронавирус пен пневмониядан 55 адам қайтыс болған.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 92 662-ге жеткен. Өткен тәулікте 1069 адамнан инфекция анықталған.

Ал індеттен жазылғандар саны 62 511 адамды құрап отыр. Кеше COVID-19-дан 671 адам сауығып шыққан.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді тапсырған болатын.

Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетінін хабарлады.

2 тамызда Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңартылған статистика жарияланды. Оған сәйкес 1 тамызда коронавирус пен пневмониядан 66 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867828-kazakstanda-tken-tulikte-koronavirus-pen-pnevmoniadan-55-adam-kajtys-boldy/

pixel