Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда вирустан неге өлім-жітім аз тіркеледі: Министр жауап берді

Жарияланған күні:

Орталық коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтау министрінің қатысуымен онлайн-брифинг өтті. БАҚ өкілдері ведомство басшысынан неліктен Қазақстанда коронавирустан өлім-жетім көрсеткіші аз екенін түсіндіріп беруді сұрады. Олардың мәліметінше, науқастар саны біздікімен бірдей өзге елдерде инфекциядан 4-5 есе көп адам көз жұмуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Брифинг барысында отандық журнаслист COVID-19 инфекциясы бойынша 2 тамызға арналған әлемдік статистиканы келтіріп өтті.

Деректерге сәйкес, вирус жұқтырғандар саны Қазақстан сияқты 90 мың адамға жеткен өзге елдерде 4 мыңнан 5 мың науқасқа дейін қайтыс болып жатыр.

Ал Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны бүгін ғана мыңнан асты.

"Эквадорда халық саны біздікімен шамалас, 86 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Көз жұмғандар саны – 5 736. Швецияда 80 мың науқас тіркелсе, 5 743 адам көз жұмды.

Португалияда 51 мың науқас тіркелген, көз жұмғандар саны – 1737. Тіпті, көршілес Қырғызстанда 36 мың адам вирус жұқтырып, 1409 науқас көз жұмған", – деп атап өтті БАҚ өкілі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда өлім-жетім көрсеткіші төмен болуының екі себебі бар екенін жеткізді – кең ауқымды тестілеу өткізу және коронавирустан тегін емдеу.

"Қазақстан ауруханаларында стационарлық деңгейде халыққа медициналық көмек тегін көрсетіледі. Ал көптеген елдерде ол үшін бөлек ақша төлеу керек – сақтандыру, бөлек төлем. Біздің елде ондай көмек қолжетімді. Көрсетілген өлім-жетім жағдайлары – бұл шынайы статистика", – деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Ол сондай-ақ аурудың шарықтау шегі шілде айында өткенін, бұл кезеңде науқастар саны мен өлім-жетім көрсеткіші өскенін атап өтті.

Қазақстанда өзге елдердегідей коронавирусқа ұқсас, бірақ ПТР-тестілеу нәтижесі теріс пневмония түріне шалдығу жағдайларының күрт өскені байқалды. Сондықтан оларды бөлек санмен белгілеп, коронавирус бойынша жалпы статистикаға қосу туралы шешім қабылданды.

Цой әлемдік рейтингте COVID-19 бойынша Қазақстанның көрсеткіштері жақын арада өсетінін мәлімдеді – денсаулық сақтау министрлігі пневмониямен біріктірілген деректерді ДДСҰ-ға жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында Қазақстандағы коронавирус эпидемиясына байланысты жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867873-nelikten-kazakstanda-koronavirustan-adam-az-ledi-ministr-zauap-berdi/