Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кез келген жағдайдағы әскери құрылымның негізі - жауынгерлік дайындық

Жарияланған күні:

Қазіргі уақытта Қарулы Күштер күрделі жағдайда қызмет етуде. Әскерлер әлі де елді мекендерді дезинфекциялауға қатысып, коронавируспен күресте азаматтарға өзге де көмек көрсетуде, оған қоса қарқынды әскери дайындық жүргізілуде.

Кез келген жағдайдағы әскери құрылымның негізі - жауынгерлік дайындық
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығы: Facebook

Өткен аптада Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Алматы, Қапшағай және Отар гарнизондарының әскери бөлімдерін тексерді.

Тексеру мақсаты:

  • гарнизондардың құрамалары мен әскери бөлімдерін дабыл бойынша кенеттен көтеріп, әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен машығын бағалау;
  • қару-жарақ қоймаларындағы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуы жөніндегі іс-шараларды тексеру.

Бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:

  • оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде командирлер мен штабтардың бөлімшелерді басқарудағы дайындығы;
  • жауынгерлік дағды мен моральдық-психологиялық тұрақтылық деңгейі;
  • қару-жарақ пен техниканың техникалық жағдайы.

Дабыл бойынша көтерілгеннен кейін Қапшағай мен Алматыдағы десанттық-шабуыл бригадалары, Отардағы артиллериялық және танк бригадалары көрсетілген полигондарға шықты. Онда тактикалық, дене шынықтыру және атыс даярлығы тексерілген. Жеке құрам танк, БМП, БТР қару-жарағынан, атыс қаруынан практикалық оқ атуды орындады, жаудың шартты диверсиялық топтарының шабуылын тойтару және басқа да кіріспе бойынша іс-қимылдар пысықталды, бұл ретте атыстардың бір бөлігі түнгі жағдайларда жүргізілді.

Кез келген жағдайдағы әскери құрылымның негізі - жауынгерлік дайындық
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығы: Facebook

Сонымен қатар, әртүрлі аэродромдардан тәртіп бұзушы кемелер ретінде көтерілген майдан авиациясының ұшақтары, соққы және барлау ұшқышсыз ұшу аппараттары күзетілетін объектілерге шартты соққы берді. Алматы облысындағы ӘШҚҚ бөлімшелерінің кезекші күштері мен құралдары нақты режимде бақылау мақсаттарын уақтылы тауып, зениттік-зымыран бөлімшелерін (шартты түрде) жойды.

Тексеруге барлығы 200-ден астам танк, БМП және БТР, 10-ға жуық ұшақ, тікұшақ және БПЛА тартылды, 3 зениттік-зымырандық дивизион, 10-нан астам радиолокациялық бөлімше.

Күрделі эпидемиологиялық және ауа-райының жағдайына қарамастан, қойылған оқу-жауынгерлік міндеттер сәтті орындалды. Бас штабтың бақылау топтары жеке дайындықтың жақсы деңгейін, бөлімшелердің үйлесімділігін және жеке құрамның жоғары моральдық рухын атап өтеді.

Кез келген жағдайдағы әскери құрылымның негізі - жауынгерлік дайындық
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығы: Facebook

Сонымен қатар, Бас штаб бастығы оқ-дәрілерді сақтау қоймаларына барып, қауіпсіз орналастыру жағдайларын, өртке қарсы қауіпсіздікті және басқа да бірқатар мәселелерді тексерді.

Барлық өткізілген іс-шаралар бойынша жергілікті жерлерде талдау жүргізілді, тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867913-kez-kelgen-zagdajdagy-skeri-krylymny-negizi---zauyngerlik-dajyndyk/