RU

Ибрагимова: Қазақстанда тұрғын үй арзандады

Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендеді. Бұл туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұқбатында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" төрайымы Ләззат Ибрагимова айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендегені байқалады, өйткені өте қымбат пәтерлерге деген сұраныс төмен. Менің ойымша, қайталама тұрғын үй (екінші дәрежелі тұрғын үйлер – ред) нарығында баға төмендеуі мүмкін, өйткені онда бәрі сату жылдамдығына байланысты, яғни, егер сіз қымбат бағаға сатқыңыз келсе, онда сіз ұзақ уақыт жүріп қаласыз", - деді ол.

Ибрагимованың сөзінше, бүгінде елімізде жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал ететін ешқандай фактор жоқ. Сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада сұраныс жоғары болады, өйткені жастар саны өсуде.

Ол карантиннен кейін барлық ипотекаға деген қызығушылықтың артқанын жеткізді.

"Маусым айында біз 5 мыңнан астам қарыз бердік. Бұл наурыз, сәуір және мамырдан бастап кейінге қалдырылған сұраныс. Шілде айында да сұраныс аса жоғары болды. Біз сондай-ақ "Бақытты отбасы", "Әскери баспана" бағдарламаларын жүзеге асырып жатырмыз, "5-10-20" өтінімдерін қарауды толықтай тамыз айынан бастаймыз", - деп түйіндеді банк басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867967-ibragimova-kazakstanda-trgyn-j-arzandady/