Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы блок-бекетіндегі жантүршігерлік жол апаты: Іс қайта өзгертілді

Опубликовано:

Алматы блок-бекетінде орын алған жантүршігерлік жол апатына кінәлі деген күдікке ілінген BMW жүргізушісіне қатысты іс қайта өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Алматы қалалық ПД
Фото: Алматы қалалық ПД: Depositphotos

Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, қазіргі таңда істі қылмыстық Кодекстің 345-1 бабы бойынша тергеп жатыр. Медициналық тексеріс кезінде күдіктінің орташа деңгейде мас болғаны анықталды.

Бүгінде сот үрдісінің тараптары іс материалдарымен танысу үстінде.

Оған қоса, прокуратура қылмыстық-процесуалды кодекстің нормаларына сәйкес, тергеу мәліметтерін жариялауға болмайтынын мәлімдеді. Оларды тек прокурордың рұқсатымен жариялауға болады.

Еске сала кетейік, бұл оқиғаға қатысты іс осымен бірнеше мәрте өзгертілді. Бастапқыда оны 345-1 бап бойынша тергесе, кейін 99- бапқа ауысты. Ал енді прокуратураның жария еткен соңғы мәліметтеріне сәйкес, тергеу бірінші айыптау бабына оралған.

Айта кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868023-almaty-blok-beketindegi-zantrsigerlik-zol-apaty-is-kajta-zgertildi/

pixel